Баспасөз үшін

29/08/2017

ҚР Үкіметі жанындағы АХҚО бойынша Комиссияның отырысы өтті

Астанада ҚР Үкіметі жанынан құрылған консультативті-кеңесші орган - «Астана» Халықаралық қаржы орталығының мәселелері жөніндегі Комиссияның отырысы ҚР Премьер-министрінің Бірінші орынбасары А.Ұ.Маминнің басшылығымен өтті.

Жиынға ҚР Қаржы министрі Сұлтанов Б.Т., АХҚО Басқарушысы Келімбетов Қ.Н., және министрліктер, Астана қаласы Әкімшілігінің, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ өкілдері қатысты.

Жиында АХҚО қызметі үшін маңызды мәселелер қарастырылып, қолдауға ие болды, оның ішінде АХҚО аумағында заңды тұлғаларды құру және тіркеу, АХҚО шетелдік қызметкерлерінің елге кіру және жергілікті нарыққа енуі үшін жағымды жағдай жасауға арналған арнайы мамандандырылған орталық «АХҚО Экспат Орталығын» құру мәселелері бар.

         Комиссияның отырысын ай сайын өткізу туралы шешім қабылданды.

Ақпарат:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі   ағылшын тілі болады. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. 

«Астана» Халықаралық қаржы орталығының мәселелері жөніндегі Комиссия 2017 жылы сәуір айында құрылған, мақсаты - үздік әлемдік тәжірбиені, оның ішінде ағылшын құқығының қағидаттары қолданылатын, жеңілдікті салық салынатын және тәуелсіз қаржылық соты бар тәжірбиені ескере отырып, «Астана» халықаралық қаржы орталығының табысты қызметін қамтамасыз етудің салааралық және ведомствоаралық мәселелері бойынша міндеттерді іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу. Комиссияның жұмыс органы ҚР Қаржы министрлігі.