Баспасөз үшін

28/08/2017

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) ҚР Жоғары Соты және Әділет министірлігімен арада Ынтымақтастық меморандумдарына қол қойды

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) ҚР Жоғары Соты және Әділет министірлігімен арада Ынтымақтастық меморандумдарына қол қойды 

 

28 тамыз 2017 ж.                                                                                   Астана қ.

 

Бүгін «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетов Англия мен Уэльстің экс-Жоғарғы Соты, Лорд Гарри Вульфпен бірге АХҚО мен ҚР Жоғарғы Соты арасында Сот Төрағасы Қайрат Мәмимен, ҚР Әділет министрлігімен арада Министр Марат Бекетаевпен бірге Ынтымақтастық Меморандумдарына қол қойды.

Меморандумдар АХҚО-ның жаңадан құрылайын деп жатқан Соты мен ҚР Жоғарғы Соты және Әділет министрлігі арасындағы тиімді ынтымақтастыққа әсер етпек.

Құжаттарға сәйкес, ынтымақтастықтың негізгі бағыттары заңның үстемдігін қамтамасыз етуге арналған бірлескен іс-қимыл және АХҚО соты шешімдерінің дұрыс орындалуынна қатысты мәселелерден тұрады, әрі бірлескен семинар, конференция, семинар өткізу қарастырылады.

«Қазақстан Республикасы Президентінің бес институционалды реформаларын жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарына сәйкес, АХҚО аумағында тәуелсіз сот құрылып, ол Англия мен Уэльстің принциптері мен нормалары және әлемдік қаржылық орталықтарының талаптарына сәйкес жұмыс істейді.

Ақпарат үшін:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. 

 

Лорд Гарри Кеннет Вульф – Лордтар палатасындағы адам құқығы жөніндегі Біріккен комитеттің мүшесі, Ұлыбританиядағы заң үстемдігі бойынша бүкіл партиялық парламенттік топ төрағасының орынбасары. Лорд Вульф Англия мен Уэльстің Жоғарғы соты экс төрағасы қызметін атқарған, Катар қаржы орталығының коммерциялық және азаматтық сотының Президенті болған, Blackstone Chambers арбитрі және модераторы болған.

 

АХҚО Тәуелсіз Соты. «Астана халықаралық қаржы орталығы туралы» ҚР Конституциялық заңының 13 бабына сәйкес, АХҚО Тәуелсіз Соты АХҚО қатысушылары, АХҚО органдары және (немесе) олардың шетел қызметкерлері арасындағы азаматтық, коммерциялық дауды, АХҚО-да АХҚО құқығына тиесілі кез-келген операцияға қатысты дауды, тараптардың келісіміне сай АХҚО сотына берілген дауларды қарастырады.

 

            ҚР Жоғарғы Соты азаматтық, қылмыстық және өзге де мәселелер бойынша ең жоғарғы сот органы. Сот тәжірбиесінде барлық мәселелелер бойынша түсініктеме беріп, қадағалау жасайды. Жоғарғы соттың статусы ҚР Конститциясында бекітілген.

ҚР Әділет министрлігі. Орталық атқару органы, қызметі мемлекеттегі құқықтық қамтамасыз ету, мемлекеттік органдар, ұйымдар, қызметкерлер және азаматтардың жұмысында заңдық режимді және азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.