Баспасөз үшін

21/07/2017

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) жанындағы Құқықтық консультативтік Кеңестің кезекті отырысы өтті.

Бүгін 21 шілде күні Лондонда «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) жанынан құрылған Құқықтық консультативтік Кеңестің кезекті отырысы өтті.

Жиынға АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов пен Ұлыбританияның осы Құқықтық консультативтік Кеңестің құрамына кіретін белді заң компаниялары өкілдері қатысты.

Жиында АХҚО-ның бірқатар акт жобалары қарастырылып, қабылданды.

Сонымен қатар Лондонда АХҚО Басқарушысының қатысуымен ағылшын жалпы заңы аясында жұмыс істейтін АХҚО қаржылық соты судьялары қызметіне кандидаттарды қарастыру процесі басталды.

       

Ақпарат:

Құқықтық консультативтік Кеңес 2017 жылы АХҚО жанынан құрылған. Кеңес міндетіне - Қаржы Орталығының жобаларындағы актілерді қарау және сараптау, сондай-ақ, өзге де кеңес беру қызметтері жатады. Сонымен қатар, Кеңес құзіретіне Англия мен Уэльстің құқықтық қағидаларын негізге ала отырып, құқықтық базаны қалыптастыру және де әлемдегі жетекші қаржы орталықтарының стандарттарымен жұмыс істеу де кіреді. Құқықтық Консультациялық Кеңестің жұмысына Baker McKenzie, Devonshires Solicitors, Hogan Lovells, Michelmores, Norton Rose Fulbright, және White & Case секілді әлемнің белді компаниялары да тартылған.

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі  –  ағылшын тілі болады.