Баспасөз үшін

11/07/2017

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен DDCAP Group Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бүгін «ЭКСПО -2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінде Лондонның Сити-мэрі Эндрю Пармли мен «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетовтің қатысуымен  АХҚО және DDCAP Group (Ұлыбритания) бірлескен семинар өткізді.

Семинар қатысушылары Ұлыбританияның ислам қаржыландыруы және сукук (ислам облигациялары) шығаруы бойынша тәжірбиесін, британдық банк секторы мен капитал нарығының жағдайын талқылады.

Қазақстандағы ислам қаржыландыруы дамуы мәселелері, британдық компаниялардың АХҚО алаңында орналасуы мүмкіндіктеріне негізгі назар аударылды.

Лондонның Сити-мэрі Эндрю Пармлидің айтуынша, Ұлыбританияда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ел экономикасын әртараптандыруға бағытталған жоба - АХҚО-ны құру идеясын өте бағалайды.

«Ұлыбритания ислам әлемінен тыс аймақта сукук шығарған бірінші ел. Біз АХҚО-мен ислам қаржыландыруы саласын дамыту бойынша бірлесіп жұмыс істеуге мүдделіміз, өйткені, ислам қаржыландыруы АХҚО-ның негізгі бағыттарының бірі ғой»,-деді ол.

Қайрат Келімбетовтің айтуынша, ислам қаржыландыруы арнайы құқықтық және нормативтік базаның осы ислам қаржыландыруы принциптеріне сәйкес болғанын талап етеді. «Алдағы уақытта АХҚО өзінің биржалық инфрақұрылымымен бірге аймақтағы ислам капитал нарығын дамытуда маңызды рөл ойнайды»,-деді ол.

Семинар айсянда АХҚО мен DDCAP Group Ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Тараптар ислам капитал нарығын дамыту, АХҚО алаңында тауар плафтормасын құру, бірлескен зерттеулер, конференциялар, семинарлар жасап, қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған арнайы кәсіби бағдарламалар түзу бойынша білім мен тәжірбие алмасуға уағдаласты.

DDCAP Group (DDCAP) 1998 жылы құрылған. Штаб-пәтері Лондонда орналасқан, БАӘ, Сауд Арабиясы, Малайзияда офистері бар. Әлем бойынша 300-ден астам клиентіне активтермен басқару бойынша қызмет көрсетеді.

Ақпарат:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі   ағылшын тілі болады. 

DDCAP ислам қаржы индсутриясында мол тәжірбиеге ие. 30-дан астам әртүрлі қаржылық салада мамандарды тартқан. Өзінің жеке бақылау шариаттық кеңесі бар, оның ішіне Сауд Арабиясы, Малайзия, Кувейттен  белді шариаттық сарапшылар кірген. 

2016 жылдың қыркйек айында ETHOS Asset Facilitation Platform TM көпканалды тауар платформасын ашу туралы хабарлады, бұл тәулігіне 24 сағат бойы өз клиенттеріне әлемнің түкпір- түкпірінен әртүрлі активтерді қауіпсіз көп функционалды веб-портал арқылы сатып алуға мүмкіндік беретін жоба. DDCAP «Астана –ЭКСПО -2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінде Ұлыбританияның ресми серіктесі және демеушісі.