Баспасөз үшін

10/07/2017

«БЕРЛИН 1961: Кеннеди, Хрущев және әлемдегі ең қауіпті жер» атты әлемдік бестселлер қазақ тіліне аударылып, басылып шығарылды

Бүгін америкалық белгілі журналист және саясаттанушы Фредерик Кемптің «БЕРЛИН 1961: Кеннеди, Хрущев және әлемдегі ең қауіпті жер» атты әлемдік бестселлері қазақ тіліне аударылып, басылып шығарылды.

Заманауи әлем тарихындағы ең ауыр кезеңдердің бірі – отыз жылға жуық уақытқа созылған КССРО мен Батыс арасындағы текетірес кезеңі суреттелетін бұл кітаптың қазақ тіліне аударылуы – қазақ тіліндегі сапалы кітаптардың базасын толықтыруға әсерін тигізеді.

Автор бұл кітапта журналист, саясаттанушы, тарихшы ретінде жұмыс істеген. Кітапта қырғи-қабақ соғысы кезеңіндегі барьердің рөліндегі Берлин қабырғасының құрылысына қатысы бар оқиғалар мен адамдардың толық көрінісін суреттеген, құпиясы ашылған америкалық, кеңес, неміс құжаттарының ақпараттары пайдаланылған.

Ф.Кемптің еңбегі әлемдік тарихта маңызды шешім қабылдар кездегі елдердің алдындағы сынақтар, көшбасшылардың жеке қасиеттерінің әлемдік мәселелерге әсер ететінін көрсетеді.

Айта кетерлігі, бұл кітаптың тұсаукесері «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамндандырылған көрмесінің аясында өтті. Әрі қоғамның рухани жаңғыруы концепциясының аясындағы әлемнің ең үздік 100 кітабының қазақ тіліне аударылуы идеясымен тұспа-тұс келеді.

Кітап тұсаукесеріне мемлекеттік орган өкілдері, дипломаттар, саясаттанушылар мен журналистер қатысты.

Іс-шараның соңында автордың автограф-сессиясы өтті.

 

Ақпарат үшін:

 

Фредерик Кемп – америкалық журналист және саясаттанушы. Беделді «Wall Street Journal» басылымында 25 жылдық тәжірбиеге ие. Тілші және редактор ретінде ұлттық және халықаралық танымалдылыққа ие болды. Тілші ретінде Шығыс Еуропа, АҚШ, Ауғанстан, Ирак және 1980-жылдары Ливандағы айтулы оқиғалардың арасында жүріп, ақпарат берген. Әрі Панамадағы АҚШ-тың басып енуі кезеңінен ақпарат таратқан. Германияның бірігуі, кеңес комунизмінің күйреуін баяндаған. 

1991 жылдың 1-желтоқсанынан бері Атлантикалық Кеңес бас директоры және президенті қызметін атқарады. 

Оның басқаруының арқасында Атлантикалық Кеңес біраз өсімге қол жеткізді: қызметкерлер санын көбейтті, халықаралық қауіпсіздік, бизнес пен экономика, энергетика мен қоршаған орта секілді салаларадғы өз ықпалын арттырды.