Баспасөз үшін

21/06/2017

«Астана» халықаралық қаржы орталығының даму тәсілдері ҚҚҚ Консультативтік кеңесінде талқыланды

Бүгін «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетов Қаржы орталығының даму тәсілдерін «Қазақстан Қаржыгерлер Қауымдастығы» (ҚҚҚ) Консультативтік Кеңесінің «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер Палатасы Қаржы секторы бойынша Комитеті, ҚҚҚ Кеңесі мүшелерінің қатысуымен өткен кеңейтілген жиынында баяндады.

Қ.Келімбетов айтқандай, АХҚО Қазақстан Республикасындағы бес институционалды реформаны жүзеге асыру мақсатындағы «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының бір бөлігі.

«Ел экономикасын әртараптандыру мен тұрақты өсімге бағытталған құрылымдық реформалардың бір бөлігі ретінде АХҚО елдегі толыққанды қаржы жүйесін құруға ықпал етпек»,-деді қаржы орталығының басшысы.

Жиын қатысушылары АХҚО-ның жаңа жоғарғытехнологиялық биржа құрудағы жоспарларымен таныстырылды.

Консультативтік Кеңес мүшелері, сонымен қатар, АХҚО тәуелсіз регуляторы, Соты және Арбитраждық Орталығын құру жөніндегі атқарып отырған қызметімен танысты.

 

Ақпарат үшін:

 

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.