Баспасөз үшін

28/06/2017

«Астана» халықаралық қаржы орталығы БҰҰ Азия мен Тынық мұхиты елдері бойынша комиссиясымен белсенді түрде жұмыс істемек

Бүгін«Астана» халықаралық қаржы орталығы басшылығы БҰҰ Азия мен Тынық мұхиты елдері бойынша Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы өкілдерімен (ЭСКАТО) кездесті.

ЭСКАТО экономикалық және әлеуметтік тенденцияларды талдауда үлкен тәжірбиеге ие. Ұйым аймақтағы елдерде инновациялық ортаның дамуында белсенді жұмыс істейді.

Соңғы кездері АХҚО өкілдері ЭСКАТО-ның цифрлық экономика мен жасыл бизнес бойынша іскерлік байланыстар орнату мақсатындағы жұмыс топтарының мүшелеріне айналды.

Жұмыс топтарының Қазақстандағы алғашқы кездесулері АХҚО-ның қолдауымен өтіп жатыр.

Қаржы технологияларының дамуы, сонымен қатар, орнықты дамуды қамтамасыз ету, оның ішінде жасыл экономиканы дамыту АХҚО-ның негізгі бағыттарының бірі.

АХҚО мен ЭСКАТО «жасыл» бизнес, цирлық экономика, қаржы саласы бойынша ынтымақтасып, тығыз жұмыс істемек.

Кездесу барысында АХҚО мен ЭСКАТО орта және шағын бизнес инновациялық бизнес бойынша, сонымен қатар, аймақта, АХҚО-ның аумағында біраз жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Ақпарат үшін:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. 

ЭСКАТО. 1947 жылы құрылған Азия мен Тыныс мұхиты бойынша экономикалық және әлеуметтік комиссия, осы аймақтағы экономикалық және әлеуметтік мәселелермен айналысады. Осы ұйымның қол астындағы үш оқу және зерттеу орындары ауылшарушылық дамуы, статистика және технологиялармен бөлісу бойынша мәселелермен айналысады. 

Негізгі жобалары ретінде – аймақаралық сауда мен инвестициялар, технологиялармен бөлісу, жекешелендіру, кәсіпкерлік.