Баспасөз үшін

15/06/2017

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) «АЭФ-2017 аясында «Қаржы орталықтарының дамуына технологиялардың әсері» атты панельдік сессия өткізді

Астана экономикалық форумы аясында «Астана» халықаралық қаржы орталығы «Қаржы орталықтарының дамуына технологиялардың әсері» атты панельдік сессия өткізді. Дискуссияның спикері ретінде «The Z/Yen Group» атқарушы директоры Марк Йендл, Mastercard Қазақстан, Беларусь, Армениядағы Басшысы Алексей Малиновский, «BCG» серіктесі және басқарушы директоры Макс Хаузер, InvestGlass, Swiss Finance+Technology Association басшысы және негізін құрушысы Александр Гаяр, «Астана» халықаралық қаржы орталығы Әкімшілігі Басқарма Төрағасы Нүрлан Құсайынов қатысты.

Сессияның модераторы тәуелсіз эксперт Доктор Йохен Бидерманн болды.

Сессияда қаржы орталықтарының тиімділігін арттырудағы қаржы технологияларының рөлі, қаржы технологиялары индустриясындағы әлемдік тенденциялар, қаржы орталықтарын оның қатысушыларына тартымды болу үшін жасалынып отырған іс-шаралар, қаржы орталықтарының бәсекегеқабілеттілігін арттырудағы индекс секілді мәселелер талқыланды.

АХҚО Басқарма Төрағасы Нұрлан Құсайыновтың айтуынша, АХҚО қазір қаржы технологияларын дамыту үшін жақсы жағдай мен қол жетімді инфрақұрылым құруда. Қаржы орталығы өз алаңына таланты кадрлерді тарту үшін де тиісті жұмыстар жүргізуде.

InvestGlass Басшысы Александр Гаяр, қаржы технологияларының негізгі мақсаты жұртшылыққа тиімді болу деді. Ол қаржы орталықтарының қаржы технологияларын дамытудағы маңызды рөліне тоқталды.

Mastercard Қазақстан, Беларусь, Армениядағы Басшысы Алексей Малиновский АХҚО-мен арадағы ынтымақтастыққа тоқталып, «Біз Қазақстанды қолма-қол ақшасыз, цифрлық елге трансформация жасауға ықпалдастық етеміз. Ынтымақтастық тек АХҚО-ға ғана емес, жалпы мемлекетке әсер етеді»,-деді.

Ақпарат:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі   ағылшын тілі болады. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.