Баспасөз үшін

09/06/2017

Қытайлық «Zhejiang «Jumore» E-commerce Co. Ltd» компаниясы «JUMORE» платформасында АХҚО Павильонын іске қосты

Қытай Халық Республикасы Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстан Республикасына жасаған мемлекеттік сапары және Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі аясында«Астана» Халықаралық Қаржы орталығы (АХҚО) мен қытайлық «Zhejiang «Jumore» E-commerce Co. Ltd» компаниясы «Jumore» платформасында АХҚО Павильонының ресми іске қосылуын хабарлады.

Павильон мақсаты – инвесторлар мен АХҚО-ның болашақ қатысушыларын қаржы орталығының стратегиялық бағыттарын дамытуға қатысуға шақыру.

Павильонда АХҚО қызметі, негізгі бағыттары, қаржылық қызметі және ұсынатын құралдары туралы толық ақпарат болады.

«JUMORE» компаниясы Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланыстың тереңдеуіне, Қазақстанда өнеркәсіптік өндіріс, тауар, технологияларды бірегей жүйеге салатын трансшекаралық сауда платформасының құрылуына, бұған дейін қол қойылған Ынтымақтастық Меморандумы аясында «Жібек Жолының Экономикалық белдеуі» ғаламдық бастамасына тікелей инвестиция тарту арқылы Қазақстандағы қор нарығының дамуына ықпал етпек.

Алдағы уақытта «Zhejiang «Jumore» E-Commerce Co. Ltd» компаниясы «Jumore» электрондық коммерция платформасына қазақстандық жобаларды қосуды жоспарлап отыр. Бұл өз кезегінде ҚР мен ҚХР арасындағы «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты мен «Жібек Жолының Экономикалық белдеуі» ғаламдық бастамасын байланыстырудағы ынтымақтастық Жоспарында көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыруға әсер етпек.

JUMORE платформасы: http://www.jumoreglobal.com

АХҚО Павильоны: http://aifc.jumoreglobal.com

 

 

Ақпарат үшін:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. 

 

«Zhejiang «Jumore» E-commerce Co. Ltd» (әрі қарай «Jumore») –электрондық коммерция, Big Data, қаржы саласы, логистика бойынша әрқилы қызмет көрсетумен айналысады.