Баспасөз үшін

29/05/2017

«Астана» Халықаралық Қаржы орталығы (АХҚО) мен Nasdaq Inc. технологиялық келісімге қол жеткізді

Бүгін «Астана» Халықаралық Қаржы орталығы (АХҚО) мен Nasdaq Inc 2017 жылдың аяғында іске қосылатын жаңа қазақстандық биржа – АХҚО Қор биржасын бірлесіп дамыту жөніндегі бірлескен келісімге қол қойды.

Алдымен АХҚО Қор биржасында белгіленген мөлшердегі табысқа ие акциялармен сауда, онан кейінгі кезеңде активтердің өзге кластарымен сауда жасалынады деп күтілуде.

Жаңа биржа бойынша келісім аясында берілген ақпараттарды сұрыптайтын Nasdaq Matching Engine жүйесі пайдаланылады. Ресми түрде іске кіріскенге дейін бұл технология тестілеу мен тексеруден өтеді.

Nasdaq Matching Engine – бұл ақпараттарды сұрыптайтын ең жиі кездесетін жүйе, бизнес үшін тиімділігі және өндірістік қуаты жоғары.

Nasdaq АХҚО Биржасының іске кіріскеннен кейінгі кезеңінде де технологиялық көмек көрсететін болады.

АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетовтің айтуынша «Nasdaq Matching Engine қаупісіздік және атқаратын қызмет тұрғысынан әлемдегі ең мықты сауда алаңы болып есептелінеді. АХҚО елдегі биржа инфрақұрылымын Nasdaq-пен бірге құруы АХҚО үшін маңызды».

Nasdaq-тің атқарушы вице-президенті, нарықтық технология бойынша басшысы Ларс Оттерсгардтің атуынша, Nasdaq үшін Қазақстан және онымен байланысты халықаралық нарықтар үшін АХҚО-ның биржалық инфрақұрылым құруында өз әсерін тигізу үлкен мәртебе.

«Nasdaq-тің қаржылық алаңқайын пайдалану арқылы АХҚО биржасы аса шұғыл дамып жатқан халықаралық нарықтағы өз бәсекеге қабілеттілігін арттыруда операцияларын стандарттап, бірізді жасауға әсер ететін инновациялық технологияларбойынша жұмыс істейді. Біз АХҚО-мен ынтымақтаса жұмыс істеуге және осы жаңа бағытта көмек беруге әзірміз»,-дейді ол.

Сауда, клиринг, құнды қағаздардың орталық депозитариі (CSD) мен нарыққа мониторинг жасайтын және өзге де жүйелерді қамтитын Nasdaq биржалық технологиялары Америка, Еуропа, Азия, Австралия, Африка, Таяу Шығыс пен Кариб бассейні елдеріндегі 90 нарықта қолданылады.

 

 

Ақпарат үшін:

 

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. 

 

Nasdaq (Nasdaq: NDAQ) – сауда, клиринг, биржалық технология, листинг, ақпарат және акциялары биржаға орналастырылатын компаниялар туралы мәліметтер беру бойынша әлемдегі ең белді компания.

            Мәселенің шешімін әрқилы табуы тұрғысынан Nasdaq өз клиенттеріне бизнесті сенімді түрде жоспарлап, сыналған технологияларды пайдаланып, ғаламдық капитал нарығында ашықтықты қамтамасыз ете алады. 

Әлемдегі ең алғашқы әлектрондық қор нарығының қалаушысы ретінде Nasdaq 89-дан астам нарықтың 50-ін өз технологияларымен қамти алады, демек, әлемдегі құнды қағаздардың 10 операциясының 1-уі осы Nasdaq-ке тиесілі. Nasdaq 11 трлн.АҚШ долларына сай нарықтық құны бар 3800 листингті өз алаңқайында жүзеге асырады.