Баспасөз үшін

25/05/2017

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) ислам қаржыландыруы бойынша шариат талаптарының тұсаукесерін өткізді

2017 жылдың 25-мамырында «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Ислам қаржылық институттары бухгалтерлік есеп пен аудит Ұйымы (AAOIFI) шығарған шариат талаптарының толық басылымының тұсаукесерін өткізді.

Іс-шараға «Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Құсайынов, AAOIFI Бас хатшысы Хамед Хассан Мера және Ресей ислам қаржыландыруы сарапшыларының Ұйымы (РАЭИФ) Мадина Калимуллина және т.б. қатысты.

Тұсауы кесілген жинаққа 57 шариат талаптары енген, олар ислам банктері мен ислам қаржы нарығы қатысушыларының келісімдері мен мәмілелердің құқықтық жағын қамтиды.

Қазіргі кезде AAOIFI стандарттарын орталық банктер мен қаржылық реттеушілер қабылдаған, аудит пен бухгалтерлік есеп бойынша ислам қаржыландыру индустриясы және қаржылық, инвестициялық өнімдер үшін негізгі нормативтік құжат болып есептеледі. 

АХҚО AAOIFI құрамына 2017 жылы енеді деп жоспарлап отыр.

Стандарттардың жиынтығын шығаруға Ислам қаржы және экономикасын дамыту Орталығы (Қазан қ.), Ресей ислам қаржыландыруы сарапшыларының Ұйымы және АХҚО ислам қаржыландыруы департаменті қызметкерлері ат салысты.

Ислам қаржыландыруы ислам банкингі мен банктік емес қаржылық қызметтерді, ислам капитал нарығын дамыту – АХҚО-ның негізгі стратегиялық бағыттарының бірі.

Ақпарат үшін:

 

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. 

 

Accounting and Auditing Organization for Islamic Financial Institutions (AAOIFI) әлемде ислам қаржылық ұйымдары қызметін біріздендіру үшін 1991 жылы құрылған халықаралық компания. Ұйымның негізгі мақсаты – ислам қаржысы саласындағы стандарттарды дайындау.

AAOIFI стандарттың үш түрін шығарады – шариат, бухгалтерлік (аудит), реттеу стандарттары (басқару және этика стандарттары). AAOIFI шариат кеңесі ислам құқығы мен қаржысы саласындағы беделді ғалымдарды біріктіреді, олар өз кезегінде әлемдегі ислам банктеріндегі шариаттық кеңестерді басқарады. AAOIFI Шариаттық кеңесін муфтий Мухаммад Таки Усмани басқарады.