Баспасөз үшін

15/05/2017

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы мен Қытайдың «Zhejiang «Jumore» E-commerce Co. Ltd» компаниясы Өзара Ынтымақтастық Меморандумына қол қойды

Бүгін «Астана» Халықаралық қаржы орталығы мен Қытайдың «Zhejiang «Jumore» E-commerce Co. Ltd» компаниясы Өзара Ынтымақтастық Меморандумына қол қойды.

Тараптар «Қытайдың Экономикалық белдеуі» Бастамасы бойынша жүзеге асырылатын жобаларға тіке инвестиция тарту жəне Қор биржасын дамыту бойынша келісімге келмек.

«Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетовтің айтуынша «G-20» жəне «Қытайдың Экономикалық белдеуі» елдерімен, дəлірегінде 130 елімен іс атқаратын істейтін «Jumore» компаниясымен бірлесіп жұмыс істеп, тəжірбие алмасу АХҚО үшін маңызды.

«Қазақстандық жобаларды «Jumore»-дің электрондық коммерция алаңына қосу, əрі осы компанияның технологиялық ресурстары АХҚО-ның қаржылық хаб ретіндегі дамуына оң ықпал етеді», – деді Қ.Келімбетов.

 

Ақпарат үшін:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі – ағылшын тілі болады. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. 

 

«Zhejiang «Jumore» E-commerce Co. Ltd» (әрі қарай «Jumore») – тауарлар мен қызметтердің түр-түрі, жер қойнауы қазбалараы, металлургия, энергоресурстар, химиялық өнімдер, ауылшаруашылық тауарлары, өндірістік және өнеркәсіптік тауарлары, тұтыну тауарлары мен азық-түлік өнімдері, қаржылық, логистикалық қызмет түрлері, Big Data, техникалық, кеңестер беру тауарларды сертификациялаумен айналысады.

Аса жылдам дамуының арқсасында Қытайдың мемлекеттік органдары тарапынан қолдауға ие. Әрі әлемдік қауымдастықтан жақсы баға алған. Компания Экономикалық ынтымақтастық және даму Ұйымының, Африкалық Одақтың, Араб елдері Лигасының мүшесі.