Баспасөз үшін

15/05/2017

“Астана” халықаралық қаржы орталығының делегациясы Ханчжоу электрондық коммерция индустриалдық паркі өкілдерімен кездесті

“Астана” Халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетов “Жібек Жолының экономикалық белдеуі” Саммитіне қатысу үшін Қытай Халық Республикасына (ҚХР) жасаған сапары аясында Ханчжоу электрондық коммерция индустриалдық паркінің (ХЭКИП) Төрағасы Ся Минханмен кездесті.

Тараптар аймақтағы электрондық коммерцияның даму бағытын талқылап, “Жібек Жолының экономикалық белдеуі” бағдарламасын жүзеге асыру аясында электрондық коммерция технологияларына деген сұраныстың алдағы уақытта арта түсетініне назар аударды.

Қазіргі күні қытай компаниялары осы саладағы көшбасшыға айналған. ҚХР-дегі жоғарғы технологиялар паркінің құрылуына және салынуына мемлекеттік қолдаудың маңызы зор болды дейді Ся Минхан.

АХҚО мен ХЭКИП 2016 жылы қол қойылған Ынтымақтастық меморандумы аясында тығыз және белсенді жұмыс істеп келеді.

 

Ақпарат үшін:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі – ағылшын тілі болады. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. 

 

Ханчжоу электрондық коммерция индустриалдық паркі (ХЭКИП) Ханчжоу электрондық коммерция зонасына кіреді және “Бір белдеу - үш парк” моделі бойынша дамуда - 1) Электрондық коммерцияның Шығыс паркі;

2) Ханчжоу электрондық коммерция индустриалдық паркі

3) Шекаралық сауда және электрондық коммерцияның Қытай (Ханчжоу) индустриалдық паркі;