Баспасөз үшін

03/04/2017

«Астана» ХҚО мен Жоғарғы Соттың 15 қызметкері Лондонда жартыжылдық оқуға аттанды

Бүгін ҚР Жоғарғы Сотының ғимаратында Жоғарғы Сот пен «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығы қызметкерлерінің Лондон қаласында кәсіби тағылымдамадан өту бағдарламасының тұсаукесері өтті.

Жиынға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова, Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми, «Астана» ХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов қатысты.

2016 жылдың желтоқсан айында Жоғарғы Сот пен «Астана» ХҚО қызметкерлерін шетелде дайындау, дәлірегінде Лондонда Law Society бағдарламасы бойынша оқытуға 15 қызметкерге «Болашақ» президенттік стипендиясын бөлу бойынша Республикалық комиссия шешім шығарған.

Тағылымдама бағдарламасы 6 айға шақталған: сәуір айы мен қыркүйек айы арасында академиялық және практикалық компоненттерден тұрады: 10 апта теория мен 5 апта тәжірбиені Ұлыбританияның заң және адвокаттық фирмаларында, соттарда өтеді.

Бұл бағдарлама шетелде мамандарды дайындықтан өткізу, қазақстандық мамандарды әлемнің ең мықты оқу орындарында дайындау бағдарламасы бойынша түзілген.

Кадрларды шетелде дайындау бойынша атқарылған іс-шараларды айта келе, Мемлекеттік Хатшы Г.Әбдіхалықова қазіргі күні «Соттар және сот қызметкерлері» категориясының Президенттік Болашақ халықаралық стипендиясындағы басымдыққа ие мамандықтардың қатарында екенін айтты. «Бұл Елбасының алға қойған – заңның жоғарғы мәртебесін қамтамсыз етіп, инвестициялық климатты жақсартуға қатысты мақсатындағыдай, соттардың квалификациясын арттырады»,-деді ол.

«Астана» ХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетовтің айтуынша, халықаралық қаржы орталығының құрылуында адами капитал аса маңызды, сол үшін де АХҚО Білім министрлігімен арнайы бағдарламаны қолға алды.

«Ел экономикасына қаржы ресурстарын тартып, капиталдың жаңа толқынының құрылуы үшін АХҚО-ға халықаралық деңгейдегі жоғарғы кәсіби мамандар қажет»,-деді ол.

Өз кезегінде ҚР Жоғарғы Соты Төрағасы Қайрат Мәми стипендианттарға Елбасының Ұлт Жоспарының 24 қадамын жүзеге асыру үшін Астанада Халықаралық Арбитраждық орталығы құрылатынын, оның қызметінің  сот ісінде ағылшын тілі мен англосаксондық құқық жүйесін құру арқылы инвестициялық дау-дамайларды шешуге бағытталатынына тоқталды. «Сондықтан, англосаксондық құқықтық жүйесін зерттеуге баратын, шетелдік тәжірбиені зерттейтін соттардың арнайы тобын дайындау қажет»,-деді ол.

Ақпарат:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі   ағылшын тілі болады. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.