Баспасөз үшін

14/09/2016

АХҚО Басқарушысы Сянган (Гонконг) Қаржы мәселелері жөніндегі Хатшысы Джон Сангпен және іскер орта өкілдерімен кездесті

Бүгін «Астана» Халықаралық қаржы Орталығының (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетов Қытай Халық Республикасы Сянган (Гонконг) Арнайы Әкімшілік Ауданы (АӘА) қаржылық мәселелер жөніндегі Хатшы Джон Сангпен кездеседі. Ол Астанаға Сянган АӘА іскер топтарының делегациясын басқарып келген.

Кездесу кезінде Басқарушы Қ.Келімбетов АХҚО құру жөніндегі Қазақстан Президенті бастамасымен хабардар етті. Бұл бастама елдегі құрылымдық реформалардың негізгі бөлігі және Қазақстан экономикасының әртараптандырылуына, қаржы саласының толыққанды қалыптасып, тұрақты өсім әкелуіне бағытталған. Ол сонымен қатар капитал нарығын дамыту, ислам қаржыландыруы, қаржы технологиялары және аймақтағы «жасыл» қаржының дамуы секілді АХҚО стратегиялық бағыттары тұрғысынан хабардар етті. АХҚО Басқарушысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің «Бір белдеу, бір жол» бастамасының қазақстандық үдемелі индустриалдық-инновациялық мемлекеттік бағдарлама «Нұрлы Жолмен» үндес екенін айтты.

Сянган АӘА қаржылық мәселелер жөніндегі Хатшы Джон Санг Қазақстанның Еуропа мен Азия аралығындағы маңызды логистикалық орталық екендігіне тоқталды, әрі Гонконгтың Жібек Жолы Экономикалық белдеуіндегі елдерде ірі инвестициялық жұмыс жасап бастауы АХҚО-мен тығыз қарым-қатынасқа серпін беретінін, мүмкіндіктердің кеңеюін айтты.

Гонконг қаржы құрылымы басшысымен бірге 30-ға жуық делегат келген, олар қаржы саласы, сақтандыру, инфрақұрылым мен жылжымайтын мүлік, электроника, телекоммуникация, құқықтық және арбитраждық қызмет, туризм, қонақүй бизнесі өкілдері және Гонконг АӘА сауда-өнеркәсіп палаталары басшылары.

Келіссөздер нәтижесінде АХҚО мен Сянган Құнды қағаздар рыногі қатысушыларының Қауымдастығымен (Hong Kong Securities Association) арада және Сянган Сауда дамыту Кеңесі (Hong Kong Trade Development Council) арасында Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Бұған қоса делегация «Астана ЭКСПО-2017» аумағына барып көріп, АХҚО-ның көрмеден кейінгі аумақты пайдалану жөніндегі жоспарларымен танысты.

Ақпарат үшін: 

Қаржы мәселелері жөніндегі Хатшы Сянган АӘА ең жоғарғы лауазымдардың бірі. Қаржы, ақша-несие, сауда-экономикалық саясат және азаматтарды қызметпен қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыру, қадағалау мәселелерімен айналысады. Сонымен қатар Үкіметтің бюджетіне жауапты, Ақша-несие Басқармасы арқылы қор биржасын қадағалайды.

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі   ағылшын тілі болады. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.