Баспасөз үшін

15/12/2016

«Астана» Халықаралық Қаржы орталығы мен Израиль Қаржы ТехнологияларыТобы Ынтымақтастық Меморандумына қол қойды

Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың Қазақстанға жасаған іс-сапары аясында «Астана» Халықаралық Қаржы орталығының (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетов пен Израиль Қаржы ТехнологияларыТобы Басқарма Төрағасы Лиор Навон Ынтымақтастық және өзара түсіністік Меморандумына қол қойды.

Құжат екі елдің арасындағы «сандық көпір» құру бойынша ынтымақтасып жұмыс істеудің негізгі салаларын қамтиды, оның аясында Қазақстан мен израильдік технологиялық кластерінің арасында тікелей байланыс құру көзделген. АХҚО израильдік серіктестердің ноу-хау технологиялары  қазақстандық мамандардың тәжірбиелерін толықтыруына пайдаланылады деп жоспарланып отыр.

«Қаржы технологияларын дамыту АХҚО негізгі бағыттарының бірі, біз осы индустрияның дамуына аса жіті назар саламыз. Жаңа қаржылық-технологиялық құралдарды дайындауда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізу және Қазақстандағы кәсіпкерлік саласының дамуына сеп тигізу үшін бізге тезірек қимылдап, әлемдік мықты тәжірбиелерден үйренеріміз мол, сондықтан да  осындай Тель-Авив секілді тәжірбиесі бай орталықтармен жұмыс істейміз»,-деді Қайрат Келімбетов.

Тараптар, Меморандумға қол қойған уақыттың Қазақстан мен Израиль арасындағы мемлекетаралық экономикалық байланыстардың нығайтуға ынта білдіруімен тұспа-тұс келгеніне назар аударды. Қол қойылған құжат аясындағы қызу жұмыс 2017 жылдан басталады.

Ақпарат үшін:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі   ағылшын тілі болады. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.