Баспасөз үшін

16/11/2016

Астанада белгілі жазушы Дэниел Ергиннің «TheQuest» кітабының тұсауы кесілді


Бүгін «Астана» Халықаралық қаржы Орталығы (АХҚО) ықпал етуімен белгілі америкалық жазушы, Пулитцер сыйлығының лауреаты Дэниел Ергиннің «TheQuest» кітабы қазақ тіліндегі нұсқасының тұсауы кесілді

The Quest автордың бұған дейінгі «The Prize» немесе «Қазына: Мұнай, ақша, билік үшін күрестің бүкіләлемдік тарихы» атты еңбегінің жалғасы.

Дәл сол еңбегі Пулитцер сыйлығына ие болған. 2013 жылы қазақ тіліне аударылған. Автордың айтуына қарағанда, бұл еңбек 5 жылдық зерттеулердің негізінде жазылған, онда қазіргі энергетикалық әлем мен оның болашақты құрылымдауға қатысты динамикасының толық талдауы көрсетілген. «Мен үшін бұл кітапты қазақтілді оқырмандарға ұсыну аса маңызды. Бұл геосаясат, қауіпсіздік, технологиялық инновациялар мен мұнай ландшафтындағы энергетикалық күштердің соңғы жиырма жылдағы зерттеуі», –дейді Д.Ергин.

АХҚО Басқарушысы Қ.Келімбетовтің айтуынша, бұл мұнай индустриясының тарихы, ал Д.Ергин, энергетика және халықаралық саясат пен экономикадағы беделді сарапшы ретінде аса маңызды деректермен бөліседі.

         «Біздің оқырмандарымыз үшін кітап аса құнды, себебі, Қазақстан мұнай өндіруші ел ретінде 100 жылдан астам тарихқа ие, сондықтан, ресурстарды тиімді пайдалану алғышарттарын жақсылап түйсіну керек», –деді Қ.Келімбетов.

         Автордың айтуынша, бұл кітап энергетикалық нарықтағы қазіргі ахуалды өзгертетін жаңа энергия көзін табуға әсер ететін «қиратушы технологияның» пайда болу мүмкіндігімен де қызықты.

          Автор оны энергетика саласындағы Google-дің пайда болуымен байланыстырады. Сонымен қатар, осындай зерттеулерді қаржыландыруда венчурлық капиталдың қызығушылық танытып отырғанын да атап көрсетті.

Ақпарат үшін:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі   ағылшын тілі болады. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. 

Дэниел Ергин – америкалық экономист және кітаптардың авторы. Пулитцер сыйлығының авторы. Cambridge Energy Research Associates консалтингтік компаниясының негізін қалаушысы және президенті. Ол 2004 жылдан бері IHS Markit құрамына кіреді. Мұнай мен газ өнеркәсібі саласындағы кітаптардың авторы ретінде белгілі. Гарвард бизнес мектебінде сабақ берген.