Баспасөз үшін

11/11/2016

«Астана» Халықаралық Қаржы орталығының делегациясы Оңтүстік Кореяның қаржы институттарымен келіссөздер жүргізді


Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың Оңтүстік Корея Республикасына жасаған мемлекеттік іс-сапары аясында «Астана» Халықаралық Қаржы орталығының (АХҚО) делегациясы Оңтүстік Кореяның қаржы институттарымен келіссөздер жүргізіп, екіжақты меморандумдарға қол қойды.

Корея Қор Биржасына (KRX) барған кезінде АХҚО Басқарушысы Қ.Келімбетов корейлік серіктестерді Қаржы орталығының Елбасының Бес институционалды реформалары мен «Жүз нақты қадам» бастамасының аясында құрылғандығынан хабардар етті. Орталықтың жүзеге асуы үшін Конституциялық Заң қабылданғанын, Заңның АХҚО қатысушыларына ерекше жағдай жасайтынын айтты. Сонымен қатар, капитал нарығын дамыту бойынша, жаңа қаржылық құралдарды пайдалану тұрғысынан тәжірбие алмасу, ынтымақтасу мәселелері талқыланды. Тиімді серіктесу үшін, дәлірегінде, біріккен кәсіби білім бағдарламаларын ұйымдастыру, ғылыми зерттеулер конференциялары мен семинарларын өткізу мақсатында Ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Сонымен қатар, АХҚО Делегациясы Кореяның капитал нарығын зерттеу Институты (KCMI) мен Кореяның Каржылық инвестициялық Қауымдастығымен (KOFIA) келіссөздер жүргізді. Негізгі тақырып – Қазақстандағы қаржы нарығы функцияларының бекіп, бәсекегеқабілеттілігінің арту жолдары. Тараптар өзара қатынасты тереңдету мақсатында Ынтымақтастық Меморандумына қол қойды.

Оңтүстікорейлік «GivtechCo., Ltd.» және «NongHuypBank» компанияларымен келіссөздер кезінде қазақстандық тарап ақша аудару және транзакциялық платформалар жүйелері саласындағы қауіпсіздік бойынша жеткен жетістіктерімен, бұған қоса, қаржы қызметтерінің «оңай» әрі «жеңілдетілген түрін» көрсететін бағдарламалармен танысты.

 

Ақпарат:

 

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі   ағылшын тілі болады. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. 

Корей биржасы (KRX) —деривативтермен жұмыс істеу ауқымы бойынша аса ірі әлемдік биржа, капитализациясы бойынша әлемдік 20-қа кіреді. Акция, облигация, фьючерстермен сауда жасайды. Корей Қор биржасы, Корей фьючерлік Биржасы және KOSDAQ-тың бірігу нәтижесінде құрылған.

Корея капитал нарығын зерттеу Институты (KCMI)– бұл капитал нарығының «миы» сынды, Корея Республикасындағы нарық және инвестициялық-қаржылық индустрияның дамуы үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Корея қаржы инвестициялық қауымдастығы (KOFIA) – 2009 жылы құрылған жалпыхалықтық ұйым. Корей Қор дилерлері Қауымдастығы (1953 ж.құрылған KSDA), Корей фьючерлік Қауымдастығы (1996 ж.құрылған KOFA) және Корей активтерді басқарушылардың Қауымдастығы (1996 ж.құрылған AMAK) секілді 3 ұйымның басын біріктірген өзін-өзі реттейтін ұйым. 

KOFIA негізгі функциялары – құнды қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларын реттеу, инвесторларды қорғау, инвестициялық басқарушылар мен консультанттарды тіркеу және  жұмысын қадағалау, листингке түсейтін акциялардың биржадан тыс саудасын бақылау, облигациялардың биржадан тыс саудасын қадағалау, қор және шұғыл нарықтарды зерттеу. 

КомпанияGivtechCo., Ltd.- 2015 жылы қарашада құрылған, мақсаты электронды қаржылық қызметтер мен онлайн қаржылық операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 

NongHuypBank – «NongHuypFinancialGroupInc.» компаниясының филиалы, Ұлттық ауылшарушылық кооперативтер федерациясына (NAFC) тиесілі. 2012 жылы құрылған. Қазір 1200 бөлімі бар. Активтерінің құны 180 млрд.АҚШ долларына тең.