Баспасөз үшін

25/10/2016

«Астана» халықаралық қаржы орталығы мен жеке секторды дамыту Ислам Корпорациясы Өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды


 «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) делегациясы Сауд Корольдігі Джидда қаласында орналасқан Ислам Даму банкінің (ИДБ) штаб-пәтерінде ИДБ Президенті Д-р Бандар Мухаммед Аль-Хаджармен және Ислам зерттеу және оқу институты (IRTI), жеке секторды дамыту Ислам Корпорациясы (ICD), Халықаралық Ислам сауда-қаржы корпорациясы (ITFC), Инвестиция мен экспорттық несиелерді сақтандырудың Исламдық корпорациясы, Халықаралық вакуф-қор (WWF) секілді ИДБ-ның еншілес компанияларының басшыларымен кездесті.

Кездесулердің нәтижесінде АХҚО мен ICD аралығында Өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандум аясында ислам қаржыландыру қызметтері,  банк ісі, капитал нарығы, активтерді басқару, қаржы технологиялары және адам капиталын дамыту бойынша тәжірбие мен біліммен алмасу,  ынтымақтастықты дамыту көзделген. Бұл біріккен кәсіби қаржылық және ағарту бағдарламалары, зерттеулер, семинарлар, квалификацияны арттыру және қызметкерлерді алмастыру бойынша оқу іс-сапарларын ұйымдастыру және ынтымақтасып жұмыс істеуді қамтиды.

ICD Басшысы Халед Аль-Абуди «Меморандумның мақсаты қаржылық тауарлар мен қызметтерді кеңейту, оны жеке секторға ұсыну, ICD-ге мүше елдердің ислам қаржы қызметтері индустриясын дамытуға ықпал ету арқылы АХҚО-мен арадағы қатынастарды нығайту», – дейді.

АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов «АХҚО-ның мақсаты ағылшын құқығы негізінде әлемдік қаржы орталықтарындағы халықаралық талаптарға сай Қазақстандағы және аймақтағы қаржы қызметтерінің дамуы мен өсіміне ықпал ету», –дейді. Сонымен қатар, ол ислам қаржыландыруы аймақтық орталығы ретінде және ислам қаржыландыру институттарының дамуы мен жұмыс істеуі үшін жағымды жағдай жасау да АХҚО басты бағыттарының бірі екендігіне тоқталды.

АХҚО мен ИДБ мүшелері арасындағы ынтымақтастық  Қазақстан экономикасының нақты секторының дамуына және аймақтық экономикалық және қаржылық интеграцияға әсер етеді деп сеніммен айтуға болады.

 

Ақпарат:

 

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі   ағылшын тілі болады. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. 

Жеке секторды дамыту Ислам Корпорациясы (ICD) – Исламу Даму банкіне кіретін көпжақты компания болып есептеледі. Корпорацияның мақсаты – ислам қаржыландыру принциптеріне сәйкес қаржыландыру мен инвестиция тарту арқылы өз құрамына мүше болған мемлекеттердегі экономикалық даму мен жеке сектордың дамуына ықпал ету. Корпорация сонымен қатар,  жеке кәсіпорындарды құру, кеңейту және модернизациялау мақсатында үкіметтер мен жеке ұйымдарғаконсультациялық қызмет көрсетеді.