Баспасөз үшін

17/10/2016

АХҚО АҚШ-та кәсіби даму бағдарламасының тұсауын кесті


Нью-Йоркте «Астана» Халықаралық Қаржы орталығы делегациясының (АХҚО) АҚШ-қа жасаған сапары аясында және БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілдігінің қолдауымен АХҚО-ның АҚШ-ғы кәсіби даму бағдарламасының тұсауы кесілді.

Іс-шараға  JPMorgan, NorthtopGroup, Google, Microsoft, BCG, Barclays, GoldmanSachs, Chevron International, NewYork StockExchange, NASDAQ секілді ірі корпорациялардың , іскер және академиялық топтардың өкілдері қатысты.

Кәсіби даму бағдарламасы қызметкерлерден кадрлық резерв дайындап, әрі қарай олардың өздері алған тәжірбиелерімен АХҚО жұмысын жалғастыруына мүмкіндік береді.

АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов қаржы орталығының стратегиялық бағыттары туралы кеңірек айтып берді. Оның айтуынша, Қазақстан Республикасы Президентінің АХҚО құру жөніндегі бастамасы құрылымдық реформалардың айтулы бөлігі. АХҚО-ның негізгі мақсаты Қазақстанда әлемдік талаптарға сай келетін жетеекші қаржы орталығын қалыптастыру. Сондықтан да, қаржы орталығында адами капитал мен басқарушылық потенциалға мықтап көңіл бөлінеді.

         АХҚО кәсіби даму бағдарламасына презентация жасаған осы Орталықтың Басқарушы директоры Саясат Нұрбек бағдарламның аса маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, АХҚО алдында отандық мамандарды дайындауға, олардың кейіннен шетелдік мамандарды алмастыруына көңіл бөлінеді.

Нью-Йорк университетінің экономика профессоры Нуриэль Рубини осы іс-шараға қатысып, Еуразиядағы қаржы орталығының құрылуына қолдау білдіретінін айтты. Оның айтуынша, әлемдік дәрежедгі талантты мамандарды шақырып қана қоймай, сонымен қатар, елдегі адами капталды дамыту керек.

         «Қазақстандық мамандарға тек ғана техникалық білім алып қана қоймай, сонымен қатар, англо-саксон жүйесіне сай құндылықтар, корпоративтік мәдениетке, этикалық және қадағалау нормаларына да қанығу керек»,- деді ол.

АХҚО қызметкерлерінің кәсіби даму бағдарламасы шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссияның шешімімен биылғы жылы бөлінген арнайы квота аясында әзірленген, академиялық (Гарвард және Нью-Йорк университеттерінде оқу) және тәжірбиелік бөлікке бөлінген (Лондон қаржы орталығы мен арнайы мамандандырылған қаржы ұйымдары мен мекемелерінде, NYSE Visit, JP Morgan Chase, NY Federal Reserve, Carlyle Group, FINRA, US Department of Finance and Commerce, NY Supreme Court секілді қаржылық ұйымдарына барудан тұрады).

Қазіргі сәтте 2 кәсіби тағылымдамалар – АҚШ пен Ұлыбритания бағдарламалары әзірленген, тағылымдама кезеңі – 1 жыл: (2016 жылдың 17 қазаны мен 2017 жылдың 13 қазанына дейін).

Анықтамалық ақпарат:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі   ағылшын тілі болады. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.