Баспасөз үшін

04/10/2016

ҚР Мемлекет хатшысы Г.Н. Әбдіхалықова АХҚО-ның кәсіби даму бағдарламасының қатысушыларымен кездесті

Бүгін Астана қаласында ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетов АХҚО қызметкерлері үшін ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында әзірлеген Кәсіби даму бағдарламасының қатысушыларымен кездесті.

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен биылғы жылы бөлінген арнайы квота аясында әзірлеген бұл бағдарлама АХҚО үшін пилоттық бағдарлама.

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықованың айтуынша, Мемлекет басшысының «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру туралы Жарлығына «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде қол қойылған және «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстанның қаржы инфрақұрылымының негізгі өзегі болады деп болжануда. Сондықтан, қаржы орталығына инвесторлар тартатын және активтерді басқаратын мамандарды дайындау өте маңызды.

АХҚО Басқарушысы Қ.Келімбетов өз сөзінде: «АХҚО-ның адами және басқарушылық әлеуеті – бұл біздің негізгі бәсекелестік артықшылығымыз, сондықтан дарынды әрі кәсіби менеджерлерді тарту және қазақстандық мамандарды әлемнің үздік оқу орталықтарында даярлау біздің қызметіміздің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады» –деді.

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның 2016 жылғы 31 наурыздағы шешіміменҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында АХҚО қызмектерлері үшін тағылымдамалардан өтуге арнайы квоталар бөлінді.

Қазіргі сәтте кәсіби тағылымдамалардың екі– АҚШ пен Ұлыбритания бағдарламасы әзірленді. Тағылымдама кезеңі – 1 жыл: 2016 жылғы 17 қазан – 2017 жылғы 13 қазан аралығы, тағылымдама академиялық және практикалық бөліктерден тұрады. 

2016 жылғы 13 маусым мен 29 шілде аралығында өткен конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның ағымдағы жылғы 15 тамыздағы шешімімен 15 стипендия тағайындалды, оның ішінде 11 кандидат АҚШ-қа, ал 4-еуі Ұлыбританияға тағылымдамаға жіберіледі.

Ұлыбритания: МФЦА, ICAEW (Англия мен Уэльстің алқалы бухгалтерлері институты) мен TheCityUK(Лондондық Сити) Корпорациясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумның негізінде Лондонның мамандандырылған қаржы ұйымдары мен қаржы орталығында тағылымдамадан өту бағдарламасы әзірленген болатын. Бағдарламаның практикалық бөлігі алынған академиялық білімді тікелей іс жүзінде қолдануға, TheCityUK, LondonStock Exchange, BankofEngland, EBRD, Deloitte, EY, PwC, KPMG, MorganStanley, GoldmanSachs, Moody’s, HSBC, Barclays сияқты халықаралық қаржы орталықтары мен институттарды қалыптастырудағы тәжірибелерін қабылдауға мүмкіндік береді. Бұған қоса, бағдарлама қатысушылары инвестициялар мен активтерді басқару, жоғары технологиялық стартаптар, экологиялық таза энергия, халықаралық құқық, сауда және басқа да осы сияқтысекторлар үшін ұйымдастырылатын іс-шараларға қатысу мүмкіндігіне ие болады. Бағдарлама аяқталған соң ғылыми-зерттеу жұмыстарды қоса барлық нәтижелерді жинақтай отырып, есептік материалдар әзірленеді және АХҚО-ның процестері мен қызметін жақсартуға арналған бірқатар ұсынымдар жасалады.

АҚШ: Академиялық бөлім – 4 айға жалғасады, оған Гарвард пен Нью-Йорк университеттері жанындағы бағдарламалар кіреді, олар: қаржы мен басқару тақырыбындағы курстар, көшбасшылық пен келіссөздер жүргізу, инвестициялар, қаржы орталықтары мен ұйымдарын құру және дамыту туралы курстар, юриспруденция және ақпараттық менеджмент бойынша курстар. Практикалық бөлігі 7 айға, 2017 жылдың наурызынан қыркүйек айына дейін созылады, бұл кезеңде қатысушылар NYSE Visit, JP MorganChase, NY FederalReserve, CarlyleGroup, FINRA, US Department ofFinanceandCommerce, NY SupremeCourt, DeutscheBank сияқты қаржы ұйымдарына баратын болады. Бағдарлама аяқталған соңғылыми-зерттеу жұмыстарды қоса барлық нәтижелерді жинақтай отырып, есептік материалдар әзірленеді және АХҚО-ның процестері мен қызметін жақсартуға арналған бірқатар ұсынымдар жасалады, сондай-ақ АХҚО-ның стратегиялық кадрлар резерві қалыптастырылады.

Анықтамалық ақпарат:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі   ағылшын тілі болады. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.