Баспасөз үшін

30/09/2016

«Астана» Халықаралық қаржы Орталығының делегациясы Индонезияға іс-сапармен барды


28-29-шы қыркүйек аралығында «Астана» Халықаралық Қаржы орталығының (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетов бастаған делегация Индонезия республикасына іс-сапарамен барды. Мақсат – беделді қажы институттарымен арада ынтымақтастық орнату, ислам қаржыландыруы саласында, оның ішінде ислам қаржы технологиялары құралдарын енгізу бойынша тәжірбиемен алмасу.

Қазақстанның Индонезиядағы Елшілігінің ықпалдастық етуімен АХҚО делегациясы Қаржы министрінің орынбасары – фискалды (қазынашылық) саясат жөніндегі Агенттігінің төрағасы Суахасил Назар, «Bank Syariah Mandiri» Президент-директоры Агус Судиарто, Қаржы қызметі басқармасы Төрағасы (OJK) Мулиаман Хададпен кездесті. Бұдан өзге, Қайрат Келімбетов OJK семинары мен «Global Islamic Finance Award» сыйлығын тапсыру салтанатына қатысты.

Осы аталған кездесулер кезінде АХҚО Басқарушысы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Астана Экспо-2017» инфрақұрылымдық көрмесі базасында «Астана» Халықаралық қаржы орталығын құру жөніндегі тапсырмасы туралы, оған арнайы мәртебе берілгені жөнінде, сәтті жұмыс жүргізуі және АХҚО қатысушыларына жағдай жасау үшін Конституциялық заңның қабылданғаны хақында айтты.

Қ.Келімбетовтің айтуынша, ислам қаржыландыру технологиялары мен стартаптардың белсенді дамуы бойынша АСЕАН аймағында Сингапурден кейінгі орында тұрған Индонезия АХҚО үшін тартымды, сондықтан, біздің осы саладағы ынтымақтастығымыз Қазақстандағы ислам қаржыландыруының дамуы бойынша маңызды фактор.

Қаржы қызметі басқармасы Төрағасы Мулиаман Хадад индонезиялық тараптың АХҚО-мен тығыз қарым іс-қимылға дайын екендігін білдірді. Тараптар ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, ол бойынша нормативті-құқықтық базаның дамуы бойынша және қаржы нарықтарын реттеу бойынша ақпарат және тәжірбиемен алмасу көзделген.

Сапардың соңында АХҚО-ға аймақтағы ислам қаржыландыруын дамытуға қосқан үлесі үшін «Global Islamic Finance Award» сыйлығы тапсырылды.

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі   ағылшын тілі болады. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.