Баспасөз үшін

20/09/2016

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы мен Шанхай Қор биржасы Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды


19-20 қыркүйек аралығында «Астана» Халықаралық Қаржы орталығының (АХҚО) шақыруымен қор биржасын құру және капитал нарығын дамыту мәселелер бойынша тәжірбие алмасу мақсатында және инвестициялық саладағы ынтымақтастықты әрі қарай кеңейту үшін Шанхай Қор биржасы мен Қытай Халық Республикасы Жібек Жолы Қорының бірлескен делегациясы Астана қаласына келді.

Кездесу кезінде АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов қытай делегациясын ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АХҚО құру жөніндегі бастамасымен таныстырды, мақсатының әлемдік практикаға сай жұмыс істейтін ғаламдық инвесторлар мен қатысушыларды тарту арқылы Қазақстанда ірі халықаралық қаржы қызмет ұсынатын халықаралық қаржы орталығын құру екендігін айтты. Ол сонымен қатар, соңғы 15 жылда Қытайдың халықаралық қаржы нарығындағы ірі ойыншыға айналғанын, оған Шанхайдағы сәтті іс-қимылдың әсері бар екендігін, және АХҚО орталығы үшін бұл тәжірбиенің аса қызықты екендігіне тоқталды.

Шанхай қор биржасының атқарушы вице-президенті Цюэ Бо қытай тарапының АХҚО-ның Астана қаласында Қорын биржасын құруға ықпал етуге мүдделі екендігін, және Жібек Жолы Қорының қолдауы бойынша стратегиялық әріптес болуға ықылас танытатынын айтты.

Жібек Жолы Қорының бірінші вице-президенті Дин Гуожун Қордың «Бір белдеу, бір жол» стратегиясы аясындағы негізгі қағидаларды жүзеге асыру бойынша және «Жібек Жолының экономикалық белдеуі», Қазақстанның ғана емес, жалпы, Орталық Азия елдерінің экономикаларының дамуына ықпал ететін бағдарлама шеңберінде елдердің ынтымақтастығын арттыру үшін инвестиялық жұмысты әрі арттырудың жаңа мүмкіндіктерін қарастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Кездесулердің қорытындысы бойынша, тараптар, АХҚО мен Шанхай Қор биржасы Ынтымақтастық жөніндегі меморанудмға қол қойды.

ҚХР делегациясы, сонымен қатар, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі», «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қоры басшылығымен келіссөздер жүргізіп, «Астана ЭКСПО 2017» көрме аумағын аралап көрді.

Ақпарат үшін: 

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі   ағылшын тілі болады. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.