Баспасөз үшін

31/08/2016

«Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Катар қаржы орталығының Реттеу жөніндегі агенттігі Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бүгін Орталық банктің Төрағасы шейх Абдалла бен Сауд Аль-Тани бастаған Катар Мемлекетінің делегациясы «Астана» халықаралық қаржы орталығына (АХҚО) келді. Делегация АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетовпен кездесті, ол қаржы орталығы жұмысының негізгі бағыттары мен өзара ынтымақтастықтың алдағы уақыттағы перспективалары туралы айтып берді. Кездесу барысында АХҚО Басқарушы Қ.Н. Келімбетов пен Катар қаржы орталығының Реттеу жөніндегі агенттігінің Бас Атқарушы Директоры               М. Райн Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Тараптардың пікірінше бұл құжат мықты ынтымақтастық пен қаржы қызметтерін реттеу мен қаржы секторындағы қадағалау бойынша тәжірибе алмасудың іргетасын қалайтын болады. Атап айтқанда, Меморандум ислам қаржысы үшін қаржы нарықтарын реттеу мәселелері бойынша ақпарат алмасуды көздейді. Исламдық қаржыландыру АХҚО-ны дамытудың негізгі стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Катар болса исламдық қаржы орталықтарының бірі ретінде белгілі, сәйкесінше Қазақстанда исламдық банкингті дамыту шетелдік делегация тарапынан зор қызығушылық туғызды. 

АХҚО Басқарушысы Қ.Н. Келімбетов: АХҚО исламдық қаржы бойынша еуразиялық орталыққа айналуды жоспарлап отыр және сондықтан исламдық қаржы қағидаттарына сәйкес арнайы құқықтық және реттеуіштік негіздерді енгізу өте маңызды, - деп атап  өтті.

Орталық банк Төрағасы шейх Абдалла бен Сауд Аль-Танидің сөзінше Катардың қаржы нарығының қатысушылары Еуразияда исламдық қаржы бойынша тағыда да бір хабтың құрылуын қолдайды және АХҚО-мен ынтымақтастық орнатуға мүдделі.

АХҚО-ның капитал нарығын дамыту және активтерді басқару бойынша стратегиялық бағыттары да Таяу Шығыстағы инвесторлар үшін тартымды болуы мүмкін. Меморандум шеңберінде банк ісі, бағалы қағаздарды басқару және сақтандыру, басқа да қаржы қызметтерін қадағалау мен реттеуге қатысты ақпарат пен тәжірибе алмасу мәселелері шешімін табатын болады.

Тараптар туралы ақпарат

Катар қаржы орталығын (QFC) 2005 жылы әлемдік кластағы қаржы қызметтерін ұсыну мен алға жылжыту мақсатында Катар Мемлекетінің Үкіметі құрған. QFC қызметі оның жұмысын ел Үкіметінен тәуелсіз болуын айқындаған арнайы заңмен реттеледі, Катардың заң жүйесі Шариғат нормаларына негізделген болса, ал Орталықтың қаржы компанияларының жұмысы ағылшын құқығы негізінде реттеледі.

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі   ағылшын тілі болады. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. 

АХҚО әкімшілігі АХҚО-ның қызметін қамтамасыз ететін және оның мүддесін білдіретін АХҚО-ның органы болып табылады.