Баспасөз үшін

17/11/2017

АХҚО қолдауымен қазақстандық үш стартап Сингапурда өткен «FinTech Festival-2017» фестиваліне қатысты

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) қолдауымен Сингапурда жыл сайын өтетін «FinTech Festival-2017» қаржылық технология фестиваліне қазақстандық үш стартап қатысты.

           Отандық әзірлеушілер өз жобаларын әлемдік қаржы технологиялары индустриясының көшбасшыларына көрсетіп, түрлі семинарлар мен тренингтерге қатысты, сондай-ақ жобаларына жаһандық инвесторлардың қызығушылықтарын оятуға мүмкіндік алды.

          «Сингапурдағы «FinTech Festival-2017» фестиваліне қатысу арқылы қаржылық технологиялар стартаптары үшін үлкен мүмкіндіктер ашылады. Іс-шараға азиялық инвесторлар мен қаржы қызметкерлерімен қатар, АҚШ пен Еуропа өкілдері де қатысуда. Осының арқасында біз бүкіл әлемдегі таныстық шеңберін кеңейтіп, IT саласындағы ірі компаниялардың өкілдерімен танысу және олардан тәжірибе алу мүмкіндігіне ие болдық», - деді қаржылық технологиялар кәсіпкері және Lendex компаниясының негізін қалаушысы Алексей Сидоров.

           Фестивальға қазақстандық қаржылық технологиялар компанияларының қатысуына, ұйымдастыру шараларына үлес қосқан АХҚО-ға ризамын. «Сингапурда өткен кездесулердің қорытындысы бойынша біздің жобамызға Азияда жұмыс істеу перспективалары, соның ішінде серіктестік құру және венчурлік қаржыландыру мен акселерациялар тарту мүмкіндіктері ашылады», - деді «StockMetrix» стартап жобасының негізін қалаушы Досжан Жүсіпов.

          

Сингапурда Қазақстанның атынан ұсынылу құрметіне ие болған стартаптар Астана қаласында әлемге әйгілі инвестор және венчурлық капиталист Тим Драпердің қатысуымен өткен «АХҚО FinTech Innovation Day» аясында іріктеліп, таңдалған болатын. «FinTech Innovation Day» іс-шарасына әртүрлі бағыттағы барлығы 100-ге жуық стартап қатысты. Олардың ішінде 5 үздік жоба «FinTech Festival-2017» фестиваліне қатысуға шақырылды. Қатысу билеттерін Сингапурдың Орталық банкі ұсынды.

 

Анықтамалық ақпарат:

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастамасы бойынша құрылды. 2015 жылы 7 желтоқсанда мемлекет басшысы АХҚО құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның басты мақсаты халықаралық деңгейде қаржылық қызметтер орталығын қалыптастыру. АХҚО міндеттеріне мемлекет экономикасына инвестициялар тарту мақсатымен инвесторларға тартымды қаржылық орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, халықаралық капитал нарықтарымен бірігуін қамтамасыз ету кіреді. www.aifc.kz

 

Сингапурда өтетін FinTech Festival - қаржы саласындағы ең танымал іс-шаралардың бірі. Әлемдік қаржы технологиялары қауымдастығының өкілдері жиналатын орын. Fintech Festival - ең маңызды тақырыптар бойынша үздік сарапшылардың пікірталастары мен таныстырылымдарын, ең жақсы стартап жобалар көрмесін, воркшоптарды, семинарларды және стартаптарға арналған хакатонды қоса, бірқатар іс-шараларды қамтиды.