Баспасөз үшін

04/11/2017

Астанада АХҚО қолдауымен «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойынынан Әлем Чемпионаты өтуде

Астана Халықаралық қаржы орталығының қолдауымен Астанада «Не? Қайда? Қашан?» ойынының XV мерейтойлық Әлем Чемпионаты өтуде, турнирдің бас демеушісі - "Еуразиялық топ" (ERG).

          Чемпионатта әлемнің 26 елінен 69 команда қатысады. Қазақстан республикасынан Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтау қалаларынан 8 команда күш сынасады. Негізгі турнирдің шеңберінде "Хамса" халықаралық зияткерлік ойынының Бірінші Ұлттар Кубогы өтуде. Жалпы турнир шамамен 650 зияткер жинады.

          Чемпионаттың ресми ашылу салтанатында АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов Қазақстанда адами капиталды дамыту және интеллектуалдық өмір салтын қолдайтынын айтты. Қ. Келимбетов: «Кез келген мемлекет адами капиталдың дамуын қолдайды. Адами капитал және оның дамуы – мемлекет басшысы бекіткен өте маңызды, ұзақ мерзімді басымдылық, АХҚО стратегиясы. Қазақстан осындай шаралар өткізетініне қуанамыз және «Не? Қайда? Қашан?» ойыны мемлекетімізде тұрақты орын алатынына сенімдіміз»,-деді.

Жарыстар Халықаралық клубтар ассоциациясы және «Не? Қайда? Қашан?» клуб магистрі Андрей Козлов, сондай-ақ «Не? Қайда? Қашан?» жұлдыздары Александр Друзь, Максим Поташев, Балаш Касумов, Владимир Антохин, Елизавета Овдеенко, Александр Рубин қатысуымен өтеді.

Турнирге «Не? Қайда? Қашан?» Еуразиялық лиганың төрағасы Азизбек Юсуфов (Өзбекістан), «Хамса» халықаралық ойынының авторы және негізін қалаушы Фаик Гусейнов (Әзірбайжан) қатысты.

          XV мерейтойлық Әлем Чемпионаты «Не? Қайда? Қашан?» ойынының спорт нұсқасы Қазақстанда интеллектуалдық ойындардың дамуына ықпал етіп қоймай, интеллектуалдық өмір салтын жаңғыруға әсер етеді.

          Турнир Астана Халықаралық қаржы орталығының және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Турнирдің бас демеушісі - "Еуразиялық топ" (ERG). Турнир серіктестері - мемлекеттік корпорация «Росатом» және Wyndham Garden қонақ үйі.

 

Анықтамалық ақпарат:

 

АХҚО. 2015 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана халықаралық қаржы орталығын құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның басты мақсаты халықаралық деңгейде қаржылық қызметтер орталығын қалыптастыру. Алғаш рет посткеңестік кеңістікте ағылшын жалпы заңдылығы енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі ағылшын тілі болады.

АХҚО міндеттеріне мемлекет экономикасына инвестициялар тарту мақсатымен инвесторларға тартымды қаржылық орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, халықаралық капитал нарықтарымен бірігуін қамтамасыз ету кіреді. Сондай-ақ, АХҚО сақтандыру, банктік қызмет көрсету және исламдық қаржыландыру нарықтарын дамытуды көздейді.

 

«НеҚайдаҚашан телеойынын режиссёр Владимир Ворошилов және редактор Наталия Стеценко КСРО-да құрғанБірінші шығарылым 4 қыркүйек 1975 жылы эфирге шықты.  Спорттық «Не? Қайда? Қашан?»  телеойынның жарыс нұсқасыОйынның ерекшелігі форматында – командалар бір-біріне қарсы ойнайды. Ең көп дұрыс жауап берген команда жеңімпаз атанады. Астанада жеті Чемпионаттың төртеуі өтті. 3-5 қарашада 2017 жылы АХҚО, Астана қаласы әкімдігі және ҚР үкіметі қолдауымен «Не? Қайда? Қашан?» XV Әлем Чемпионаты өтеді.

 «Хамса» командалық интеллектуалдық ойын. 2011 жылы беделді интеллектуалдық турнирінде — Әлем Чемпионаты «Не? Қайда? Қашан?» ойынында таныстырылды.  «Хамса» сайысының шарты бойынша ойын «бес» санының айналасында құрылғанәр команда 5 адамнан тұрады, оның ішінде біреуі команда капитаны. Ойын 5 раундтан тұрады.