Баспасөз үшін

09/11/2017

Астана халықаралық қаржы орталығы және Oliver Wyman АХҚО биржасын дамытуға келісті

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) және Oliver Wyman компаниясы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. Құжаттың аясында Тараптар АХҚО (AIX) биржасын және Қазақстан Республикасының капитал нарығын дамытуға келісті.

          Тараптар техникалық сипаттағы мәселелерді өзара іс-қимыл арқылы шешуді, сондай-ақ ақпарат пен тәжірибе алмасу дайындығын білдірді.

           Меморандумға сәйкес Oliver Wyman компаниясы Астана халықаралық қаржы орталығына капитал нарығын дамытуға арналған жоспарланған шараларда кеңес береді. Oliver Wyman өз тәжірибелерімен бөлісуге, халықаралық стандарттарға және озық тәжірибеге сәйкес инфрақұрылымдық бағалы қағаздар нарығын құруға, әлемдік инвесторлар базасын құруға келісті.

Анықтамалық ақпарат

АХҚО. 2015 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана халықаралық қаржы орталығын құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның басты мақсаты халықаралық деңгейде қаржылық қызметтер орталығын қалыптастыру.

АХҚО міндеттеріне мемлекет экономикасына инвестициялар тарту мақсатымен инвесторларға тартымды қаржылық орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, халықаралық капитал нарықтарымен бірігуін қамтамасыз ету кіреді.

www.aifc.kz

 

Oliver Wyman басқарушылық консалтинг саласында жетекші халықаралық компания болып табылады. 50 кеңседе бүкіл әлем бойынша 3000 маман жұмыс істейді. Oliver Wyman клиенттеріне бизнесті оңтайландыруға және операциялық профильді ілгерілетуге көмектеседі. Компания ірі банктармен, сақтандыру компанияларымен, кәсіпорындармен, мұнай-газ кешенімен, көлік және телекоммуникация саласымен, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен министрліктермен ынтымақтасады.