Баспасөз үшін

06/09/2017

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен Blockchair серіктестік бойынша келісімге қол қойды

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен блокчейндерге арналған іздестіру-талдау жүйесі Blockchair ынтымақтастықты дамыту бойынша меморандумға қол қойды.

Құжатқа «Астана» Халықаралық қаржы орталығы Әкімшілігі» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Құсайынов және Blockchair негізін қалаушылар Никита Жаворонков пен Едіге Давлетгалиев қол қойды.

Меморандумға сәйкес АХҚО мен Blockchair криптовалюта мен блокчейн технологиялар саласында ынтымақтаспақ, сонымен қатар, Blockchair АХҚО-ның финтех экожүйесі мен Қазастанның қолма-қол ақшасыз есеп айырысу экономикасын дамытуды қолдамақ.

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы Әкімшілігі» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Құсайынов АХҚО аймағында арнайы құқықтық режим жұмыс істейді, ал қаржы орталығы басымдықтарының бірі Blockchair секілді блокчейн жүйесінің дамуында тәжірбиесі бар компаниялармен ынтымақтасу екендігін айтты.

«Біз Blockchair компаниясымен жүмыс істейтінімізге қуаныштымыз, компания бізге блокчейн-технолгиялар, криптовалюталар және өзге де криптожобаларды пайдалану үшін финтех экожүйесін енгізуге көмектеседі»,-деді Н.Құсайынов.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы әлемдік үздік қаржы орталықтарымен ынтымақтасып жұмыс істейтін маңызды алаң. Blockchair АХҚО-ға Қазақстандағы дәстүрлі қаржыдан криптовқаржыға өту үшін сенімді еуразиялық көпір құруға көмектесетінін мақтан тұтады»,-деді Blockchair негізін құраушы Никита Жаворонков.

Тараптар, АХҚО мен Blockchair арасындағы жүйелі коммуникация Қазақстандағы қаржы технологиялары нарығының дамуы үшін сапалы инфрақұрылым мен жағымды жағдай түзуге әсер ететінін айтты.

АХҚО ТМД мен Орталық Азияның маңызды финтех хабы болу, сол арқылы қаржы технолгиялары саласына көбірек инвестциия тартуды жоспарлап отыр.

Ақпарат үшін:

 

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі   ағылшын тілі болады. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. 

 

Blockchair. Блокчейндерге арналған іздеу-талдау жүйесі. Bitcoin блокчейніне сұраулар жібере алады, блоктарды, транзакцияларды фильтрден өткізе алады, ол үшін 60-қа жуық көрсеткішті пайдалана алады. 

Сонымен қатар, пайдаланушыларға блокчейндегі толық тексті табуға көмектеседі. Blockchain алгоритмі ұсынатын Bitcoin блокчейні терең талдауы ұзақмерзімдік тенденцияларды, бағалардың өзгерісін, саудалық сигналдарды қабылдай алады.