Баспасөз үшін

06/09/2017

«Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Microsoft қаржы технологияларын бірлесіп дамытуға келісті

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен Microsoft қаржы технологияларын бірлесіп дамытуға бойынша ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Құжатқа «Астана» халықаралық қаржы орталығы  Басқарушысы Қайрат Келімбетов пен Microsoft Қазақстан Бас директоры қызметін атқарушы Алия Назаркасимова қол қойды.

Меморандумға сәйкес, АХҚО мен Microsoft блокчейн-технология саласында бірлесіп жұмыс істемек.

Microsoft әзірлеушілер мен студенттерге инфрақұрылым, қызмет түрлері, бұлттық (cloud) құралдарын ұсыну бойынша көмек бермек.

Сервистік серіктес ретінде АХҚО Microsoft Blockchain экожүйесіне қол жеткізе алады, ол жүйеде Etherium, Ripple, Eris Industries, Coinprism, BitPay, Factom, AlpaPoint және өзге компаниялар бар. Сонымен қатар, Microsoft АХҚО Финтех Хабының аясында Инновациялық Блокчейн оратлығын құруға қатысады.

«Қаржы технологияларын дамыту АХҚО қызметінің негізгі басым бағыттарының бірі, АХҚО-мен ынтымақтастық сапалы финтех-хабты инфрақұрылымын құруға, белді инновациялық компанияларды тартуға, адами капиталдың сапасын арттырып, аймақтағы белді рөлге ие болуға көмектеседі»,-деді АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов.

«Microsoft Корпорациясы өзінің білімі, технологиялық мүмкіндіктерімен бөлісуге әзір. Бүгінгі бастама Қазақстанның инновациялық дамуы үшін жағымды орта қалыптастыруды жалғастырып, кәсіпкерлер, азаматтар мен Үкімет арасындағы диалогты бекітіп, елдің инвестициялық климатын жақсартатынына сенімдімін»,-деді Microsoft Қазақстан Бас директоры қызметін атқарушы Алия Назаркасимова.

Тараптар бірлескен ғылыми-зерттеу және білім беру шараларын ұйымдастыратын болып келісті, дәлірегінде қазақстандық студенттердің қаржы технологиялары саласындағы цифрлық сауаттылықты арттыруға арналған лекциялар мен семинарлар өткізілмек.

Ақпарат үшін:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі   ағылшын тілі болады. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. 

 

Microsoft. Бағдарламалық қамтумен айналысатын ірі трансұлттық компания, оның өнімдері жеке компьютерлер, ұялы телефондар, өзге де құрылғыларда бар. Әлемде ең көп таралған бағдарламалық платформа – Windows операциялық жүйесін әзірлеуші де осы компания.