Баспасөз үшін

05/09/2017

«Атамекен» ҰКП мен «Астана» халықаралық қаржы орталығы Ынтымақтастық келісімне қол қойды

Бүгін «Атамекен» ҰКП Президиумының Төрағасы Тимур Құлыбаев пен «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетов АХҚО мен «Атамекен арасындағы Ынтымақтастық келісіміне қол қойды.

АХҚО-ның құрылуы елдің замануи қаржы жүйесін құрылымдауға және экономикалық өсімге әсер етуге, экономиканы әртараптандыруға бағытталған құрылымдық реформалардың маңызды бөлігі.

АХҚО базасында ағылшын құқығы принциптері мен үздік әлемдік қаржылық орталықтарға негізделген тәуелсіз Сотты құру жоспарланып отыр.

АХҚО-ның тәуелсіз сотының және Халықаралық арбитраждық орталықтың болуы АХҚО қатысушыларының мүддесі мен құқығын тиімді қорғауға арналған, инвесторларға тартымды құқықтық ортаның қалыптасуына әсер етеді.

         АХҚО аймағында жаңа қор биржасының құрылуы және онда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ тартымды компаниялары мен өзге де қазақстандық компаниялардың құнды қағаздарының орналасуы капитал нарығының дамуына әсер етеді.

         «Елбасы мәлімдеген ірі ұлттық компанияларды жекешелендіру бастамасы отандық қор нарығын дамытуға әсер етіп, отандық компаниялардың инвестициялық тұрғыдан тартымды болуына ықпал етеді»,-деді АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов.

            «Атамекен мен АХҚО-ның ынтымақтастығы инвестициялық климат пен Қазақстандағы отандық және шетелдік компаниялардың кәсіпкерлік қызметінің жақсаруына бағытталған», - деді «Атамекен» ҰКП Президиумының Төрағасы Тимур Құлыбаев.

         Тараптар елдің қаржы индустриясының дамыту үшін әрі қарай бірлесіп жұмыс істемек болып келісті.

Ақпарат үшін:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі   ағылшын тілі болады. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. 

            «Атамекен» ҰКП арбитраж ретінде үлкен тәжірбиесі бар, ол Сауда-өнеркәсіптік палатасы кезінен ол тәжірбиеге ие. «Атамекен» ҰКП занындағы Арбитраждық орталық кәсіпкерлерге коммерциялық дау-дамайды сапалы шешуга жұмылдырылған.