Баспасөз үшін

04/09/2017

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен ҚР Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы Ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Бүгін «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетов, Англия мен Уэльс Жоғарғы Соты экс-төрағасы Лорд Гарри Кеннет Вульф және ҚР Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы Басқарма төрағасы Сергей Ли АХҚО мен Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы арасындағы Ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Құжат заң құзыретін қамтамасыз ету, АХҚО Соты шешімдерінің тиімді жүзеге асыру жолындағы АХҚО-ның жаңадан құрылатын Соты мен Палата арасындағы біріккен іс-қимылдарды барынша серіктесіп атқаруды көздейді. Бұған қоса, біріккен білім беру іс-шаралары, тренингтер, семинарлар, конференциялар өткізу де жоспарланып отыр.

АХҚО мен Палата арасындағы бірлескен бастамалар АХҚО аумағындағы ағылшын жалпы құқығын енгізу механизмдерін жетілдіріп, қоғамды ақапараттандырып отыру секілді іс-шараларды қамтиды.

 

Ақпарат үшін:

 

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. 

 

                Лорд Гарри Кеннет Вульф – Лордтар палатасындағы адам құқығы жөніндегі Біріккен комитеттің мүшесі, Ұлыбританиядағы заң үстемдігі бойынша бүкіл партиялық парламенттік топ төрағасының орынбасары. Лорд Вульф Англия мен Уэльстің Жоғарғы соты экс төрағасы қызметін атқарған, Катар қаржы орталығының коммерциялық және азаматтық сотының Президенті болған, Blackstone Chambers арбитрі және модераторы болған.

 

АХҚО Тәуелсіз Соты. «Астана халықаралық қаржы орталығы туралы» ҚР Конституциялық заңының 13 бабына сәйкес, АХҚО Тәуелсіз Соты АХҚО қатысушылары, АХҚО органдары және (немесе) олардың шетел қызметкерлері арасындағы азаматтық, коммерциялық дауды, АХҚО-да АХҚО құқығына тиесілі кез-келген операцияға қатысты дауды, тараптардың келісіміне сай АХҚО сотына берілген дауларды қарастырады.

 

                Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы. Қазақстанда 1300-ден астам жеке сот орындаушысы бар, әр адамға, шамамен алғанда, 13 000 азаматтан шақ келеді.