Баспасөз үшін

29/08/2017

Ұлыбританияның экс - жоғарғы судьясы Лорд Вульф Назарбаев Университетінде дәріс оқыды

Ұлыбританияның экс - жоғарғы судьясы Лорд Вульф

Назарбаев Университетінде дәріс оқыды

 

 

29 тамыз 2017                                                                     Астана қаласы

Бүгін Ұлыбританияның экс - жоғарғы судьясы Лорд Гарри Кеннет Вульф Назарбаев Университетінің магистратура студенттері мен еліміздің кәсіпкер және заңгер қоғамдастықтарының алдында ««Астана» Халықаралық Қаржы Орталығы сотының Астана қаласының халықаралық абыройының дамуына қосқан үлесі» атты дәріс оқыды.

Осы дәрістің аясында Лорд Вульф, британдық юриспруденцияның заманауи тарихындағы ең беделді да көрнекті төрешісі, ағылшын занының негізінде жұмыс жасайтын және басқа да алдыңғы қатарлы қаржы орталықтарынан үлгі алатын «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығының соты қалай қызмет ететінің баяндады.

Сонымен қатар,«Астана» Халықаралық Қаржы Орталығының академиялық кеңесінің төрағасы профессор Ван де Пут, Бизнес Жоғарғы Мектебінің деканы Патрик Дюпарк және де «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығы Бюросының басшысы Ернур Рысмагамбетов дәріске қатысып, құттықтау сөздерімен шықты.

«Астана» Халықаралық Қаржы Орталығының арнайы шақыруымен келген Лорд Вульф, қаржы отралығына ағылшын занының ережелері бойынша жұмыс жасайтын тәуелсіз соттың негізін қалауға кеңес береді.

«Астана» Халықаралық Қаржы Орталығының соты қаржы орталығына қатысушы компаниялардың, оның органдары мен басқа елдердің азаматтары арасында туындайтын дауларды қарастырып, шешетін болады.

 

 

Анықтама

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. 

 

Лорд Гарри Кеннет Вульф -  адамдардың құқығын қорғау комитетінің лордтар палатасының Біріккен комитетінің мүшесі, заңның ұлықтылығы Бүкілпартиялық Парламент тобының төрағасының орынбасары. Лорд Гарри Вульф Англия мен Уэльстің жоғарғы төрешісі болып, Катар қаржы орталығының азаматтық және коммерциялық сотының Президенті, Blackstone Chambers медиаторы және арбитрі қызметтерін атқарды. 

 

«Астана»Халықаралық Қаржы Орталығы Бюросы - қаржы мамандарына тренингтер өткізетін және «Астана»Халықаралық Қаржы Орталығы мен басқа да қаржы компанияларын аса білікті мамандармен қамтамасыз ететін кәсіби даму орталығы. 

«Астана»Халықаралық Қаржы Орталығы үздіксіз кәсіби даму Бюросы кәсіби нарықтың біліктілігіе арттыру және білікті мамандарды дайындау мақсатында ағылшын заңының қолданылуы және қызмет атқару қағидаларын үйрететін бірнеше курстарды жасап шығаруды жоспарлап отыр.

«Астана»Халықаралық Қаржы Орталығының тәуелсіз соты - ҚР «Қаржы орталығы жайлы» Конституция заңының 13-бабы бойынша, «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығының тәуелсіз соты қаржы отралығына қатысушы компаниялардың, оның органдары мен басқа елдердің азаматтары арасында туындайтын, қаржы орталығының заңыңа жататын және қаржы отралығының жұмысы кезінде туындайтын, дауларды қарастырып, шешетін болады.