Баспасөз үшін

23/08/2017

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) жанындағы Құқықтық-консультативтік Кеңестің отырысы өтті

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) жанындағы Құқықтық-консультативтік Кеңестің отырысы өтті 

                                                                           

23 тамыз 2017 жыл                                                            г. Астана 

Бүгін «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) жанынан құрылған консультативтік-ақылдасу органы - Құқықтық-консультативтік Кеңестің отырысы өтті.

Жиынға АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов, Ұлыбританияның Құқықтық-консультативтік Кеңестің құрамына кіретін белді заң фирмаларының өкілдері қатысты.

Жиында АХҚО-ның акт жобалары қарастырылып, қабылданды.

Кеңестің мақсаты АХҚО-ның актілерін қарастыру және сараптамадан өткізу, консультативтік жұмыс жүргізу.

Құқықтық-консультативтік Кеңестің төрағасы Майкл Блэрдің айтуынша, Кеңес АХҚО үшін белді құқықтық-регуляторлық негізді қалыптастыру үшін ағылшын заңдылығындағы ең мықты тәжірбиелерге жүгінеді.

Құқықтық-консультативтік Кеңестің мүшесі Эндрю Олдлендтің айтуынша, бұл Кеңестің мақсаты заңның өзекті мәселелері бойынша сапалы экспертиза мен кеңес беруді қамтамасыз етуден тұрады.

Кеңес жұмысы Англия мен Уэльстің құқығы, нормалары, принциптері, құқық преценденттерін және АХҚО актілерін дайындау, құқықтық базасын құрылымдау кезінде әлемдік белді қаржы орталықтарының талаптарын енгізуге ықпалдастық көрсету.

Құқықтық-консультативтік Кеңестің жұмысына ағылшын заңнамасы бар елдерде жұмыс істеу тәжірбиесіне ие сарапшыларды тарту АХҚО-ның әрі қарай сәтті жұмыс істеуіне, жалпы пайданылатын актілерін дайындауда маңызды рөл ойнайды.

Құқықтық-консультативтік Кеңестің жұмысына Baker McKenzie, Devonshires Solicitors, Hogan Lovells, Michelmores, Norton Rose Fulbright, және White & Case секілді әлемнің белді заң компаниялары да тартылған.

Ақпарат:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі  –  ағылшын тілі болады.